Үнсіздік

Бұл бетте «Үнсіздік» атты Тұрсынай Астарханова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жан азабы тәнге әсер етпегенмен,
Жүрегім сыздаумен лаулай жанды.
Түндерде көз жасыма себеп болған
Кездескенде қоштасусыз тағдыр жазған.

Сағынбаймын, уайымдама, ұмытқанмын,
Өзгелердің мен туралы өсегінен.
Ақ сезімді қадірлемей мазақ еттің,
Махаббатта күрескен жан мен едім.

Менің мынау толқындай көз жасым
Болашақта қуанышта себеп болар.
"Қарындасың, ағатай" деп жылап келгенде
Ұғынарсың үнсіз күлген жанарымды.

Қарғамаймын болмашы өкпелі сезімге,
Арманда кеткен сол бір сәттер.
Қиялымда өмір сүріп қалықтаған
Жетелейді мені қашаңғы үмітке.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері