Қайта келме
Бұл бетте «Қайта келме» атты Тұрсынай Астарханова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағынғанда қасымнан табылмадың,
Жүрегіме жара салып, не таптың?
Қиналғанда жараланған жас жанымды
Жұбатуға батылың да бармады.
Қайта келме, оралма да маған, жаным,
Жаныңда жүргенімді қаламадың.
Мен сенен сұрамадым күн мен айды,
Қаладым қасымда болғаныңды.
Мен сенен сұрамадым бар байлықты,
Сұрадым «қамқорым» болғаныңды.
Сұрамадым дүниедегі асыл тасты,
Сұрадым қарттығымда болғаныңды.
Сезімімді елемедің, қайтейін,
Сырт келбетің онша емес деп елемедің.
Күмәнім бар сезіміңнің болғанына,
Әдеміңді тауып жатсаң, сен бағала.
Не дейін, не айтайын, жаным, саған,
Жетелеген арманымда көп болған.
«Үмітім» деп бағаладым тек сені,
Қиналма енді, мүлде күтпе мені.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі