Сынған сенім

Бұл бетте «Сынған сенім» атты Тұрсынай Астарханова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен көрдім адамдардың бет-бейнесін,
Қиын кезде тастап кетер жүрексініп.
Сенгенмін қас дұшпанға сырласым деп,
Сыртымнан тас лақтырды жамансынып.

Ей, дүние, бұл өмірге не үшін келдім?
Күлгенім жоқ, жылағанмын түндерде.
Бауырым деп сенген едім пендеге,
Жараланды жаным солып әр жерден.

Сенбеймін деп өз-өзіме серт берсем де,
Ұмытады өз сертін жүрегім де.
Мына жалған кең дүниеде
Сәл де болсын мейірім көрмегенмін.

Кімге барып дертімді ақтарайын,
Өмірдің дайындаған ойыны ма?
Ережесін құрастырып басқарайын,
Өмір деген жақсы мен жамандық.

Пендені сан соқтырып басқаратын,
Сынайды тағдыр кейде сынағымен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері