Уәде бердім өзіме өзгені енді көрмеймін

Бұл бетте «Уәде бердім өзіме өзгені енді көрмеймін» атты Тұрсынай Астарханова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Уәде бердім өзіме өзгені енді көрмеймін,
Көрсеқызар ерлер көп аш бөрідей өрлейтін.
Жаратқаным жалынамын, жылатпашы мені енді,
Алдағы жылдарда өз-өзіммен жүрейін.

Көрсеқызар ерлердің мақсаты бір-белгілі,
"Танысайық қарындас" деп жазады бірі енді.
Япырай нағыз батыр ер қайда жоғалған,
Сөзбен емес ісімен дәлелдейтін ерлігі.

Ренжиді: "Өзімшілсін, талғамың таудай жоғары",
"Төмен түс" талғамың айдай деп көкке самғапты.
"Анама келін керек" деп түрғандар,
Қыз баласын менсінбес санасыздық сол қалпы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері