Әжетайым, мен үшін асыл жан ең

Бұл бетте «Әжетайым, мен үшін асыл жан ең» атты Тұрсынай Астарханова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әжетайым, мен үшін асыл жан ең,
Тірі болсаң, гүл беріп қуантар ем.
Амалым жоқ, тағдырдың бұл жазғаны,
Сағынғанда суретіңе қарай берем.

Әжетайым, бәрі есімде не болғаны,
Балалығым, бұзықтығым тоқтады.
Түндерде айға қарап жатқанымда,
Әсем дауысың жаңғырады құлағымда.

Әжетайым, асылым ең бұл жалганда,
Айырылдым, білмедім, амал бар ма?
Сыраласар ем тірі болсаң бұл күнде,
Қабіріңе жол тартады сағынышым.

Еркелігім болған еді өзің барда,
Сен кеткен күн жүрегімді жаралады.
Әжетайым, уақыт кері шегінсе,
Қасыңда қалар едім жібермей.

Әжетай, құшағыңды сағынамын,
Ертегіде көрінген ғажайыптай.
Аңсадым сол күнді, қайта келмес,
Құшағыңда жұпар иісің естен кетпес.

Жәннаттың төрінде шалқығайсың,
Раббымның қалауы да сол болар.
Жақсы адамдар ерте кетеді деуші еді,
Ажал мынау екеуімізді қақ айырды.

Есімде, тентек болсам, ұрысқаның,
Бірақ қайта еркелетіп ұмытқаның.
Санамнан кейде тіпті өшсе де,
Жүрегімде сақталады сол бейнең.
Періштедей нұрлы бейнең, жанарың...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Назгул

Алға қызым

Осы автордың басқа өлеңдері