Қош, қош, Өлең

Бұл бетте «Қош, қош, Өлең» атты Иран-Ғайып жазған поэзия туралы өлең берілген.

Қош, қош, Өлең...
Марту басты Өнердің түп-тереңін:
Мен – кәлиме...
Тұншығумен өлемін.
Заман – тозды,
Адам – азды,
Хайуанға,
Қапа болма,
Қажетің жоқ,
Өлеңім?!
Тірі – мәңгүрт...
Ұмыт – өлі аруақ.
Арыздасып,
Қош айтамын аңырап –
Абайсызда ақ ордасын өрт алып,
Ортасына түскен қара шаңырақ!
...Қош, қош, Өлең!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері