Жәй ғана «кешір» деумен іс бітпейді

Бұл бетте «Жәй ғана «кешір» деумен іс бітпейді» атты Тұрсынай Астарханова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жәй ғана «кешір» деумен іс бітпейді,
Тас боп қатқан жүрегім де жібімейді.
Көңілімде әрбір сәтте қалған сайын,
Өзіңді жек көремін көрген сәтте.

Айтшы, қанша өтірік ақталасың?
Менен қанша шындықты жасырасың?
Ұнататын басқа адамың бар екенін
Айтпасаң да, көздеріңнен ұғынамын.

Өзің барда сан түрлі қиялданып,
Жанымды ауыртсаң да, жүрдім жанып.
Жүрегімді жылатсаң да сөздеріңмен,
Мұңаймадым әр кезде мен нұрланып.

Жүрегінде өзге жанға тебіренген
Сезімің алып ұшқан жеңіл екен.
Мен сені шын жүректен сүйген екем,
Сені бірақ, өзгемен қалай көрем?

Жіберемін, көңілің жабықласын,
Үйреттің махаббатың мәңгі емесін.
Айтатынмын сен барда қағидасын,
Қолдан ұшты бақыт атты қарлығашың.

Мен үнемі қорқатынмын жалғыздықта,
«Тастамашы», — деп үнемі жалындырдың.
Уақытымның бәрі енді кері оралмай,
Сағыныш та, махаббат та болмағандай.

Бірақ, жаным, мен жыладым жалғыздықта,
Мен жыладым түндерде мұңдана.
Ешкім келіп жұбатпады қара түнекте,
Қара жын мен көлеңке күлкі еткен.

Аялдама бекетінде жылағанымда,
Жаныма бір кішкентай тоқтады да:
«Апатай-ау, кім жылатты?» деп сұрады, деп жұбатты.
«Тоңған жүрек жабықласын»,

Күзгі жаңбыр салқындығы байқалды,
Әлгі қыз жанымнан кетпегенде.
Мені бір сөз қатты-қатты ойландырды:
«Ол сенің бақытың емес, жыламашы».

Дәл сол сөз құлағымда жаңғырып тұр,
Мендік сезім мекені қирап қатты.
Кішкентай қыздың от жанары
Үміт еткен сол жалынды оятты.

Ол қыз мені жұбатып келсе де,
Оның өзі қайдан келді - жұмбақ екен.
«Апатай, жыламашы», — дегенінде,
Қолыма аппақ гүлін ұстатты.

Кете берді өз артына қарамай,
Өшер күнді, өшер жанды ол оятты.
Қыз емес, құтқарушы періште ме,
Қара түнек жолында құрбан болған?

Құшағыма келерсің жалынып та,
Өзгермейтін көңілмен алып ұша.
Махаббаттан күйгеннен емес,
Бәрі сені пайдаланып тастағанда.

Өзгелер «сұлусың» деп жақсы көрер,
Немесе байлығыңмен күн көрер.
Маған сенен екеуі де керегі жоқ,
Kepeгі махаббат пен өзің екен.

Сезіміңнің бәрі жалған шындығында,
Қабылдамаймын енді келсең мың құбыла.
Кіммен, қайда мекен етіп жүрсең де,
Ұмытпа өз аяулыңды, жылатпа.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері