Арқа қысы
Бұл бетте «Арқа қысы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Самаржақ жел зарлауық,
қымтатқызып тұс-тұсты,
бір-ақ түнде қар жауып,
бір-ақ күнде қыс түсті.
Ақ сәукеле киініп,
аппақ үкі тақты бау,
ақ қайың тұр бұйығып,
алқымында ақ қырау.
Сынатұғын түрі жоқ,
сүйреп келген қылышы,
қасат қары сүрі боп,
қыстың мынау тұрысы.
Шана теуіп бала мәз,
оң мен солың омбы қар.
Сүлік ерін сары аяз,
сүйген жері домбығар.
Жүрегімді у жеді,
жан түбінде жатыр мұң.
Мынау әлем — музейі
менің махаббатымның.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі