Жыл құсы
Бұл бетте «Жыл құсы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұясынан ұшқанда
Қайта оралмас құс бар ма?
Әттең, дәурен — құс емес,
Тамсандырған түс-елес,
Қайта оралтар күш қайда?
Тасып өзен тіл қатар,
Тас лақтырсаң шым батар.
Тасқын су ғой — бұл өмір,
Батпас үшін жүзе біл, —
Тірлік заңы тым қатал.
Құтылмайсың қашып түк,
Құшағыңды ашып, күт:
Қайта көрген түстей боп,
Қайта келген құстай боп,
Қайта оралар ғашықтық!..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі