Бір ағаның ақылы

Бұл бетте «Бір ағаның ақылы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өренім, өкпең өшкенше
өкшелей қума шындықты,
бұралар бір күн мойының,
болсаң да асқақ тым мықты,
шырылдап шыққан шуақты
шыңғыртып талай түн жұтты,
мүләйім әлем мүлгіді
сезбегендей боп сұмдықты.
Шындық пен жалған — қос безбен
өмірдің құрған өлшемін,
тәңірден туған тірліктің
тәрк етпе ешбір бөлшегін,
өтірікті естіп тұрсаң да
бойыңда болсын мол сенім,
шындықтың жетсең түбіне —
түбіңе жетер ол сенің!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері