Қайта құру
Бұл бетте «Қайта құру» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзгеше өмір сүре алмаймын,
Ағайын,
Өзге өмірді қайдан іздеп табайын?
Жаңа жүрек жасап берер кім маған,
Ескісінің жыртықтарын жамайын.
Жүрегім бар қобызындай Қорқыттың,
Сәл тынысқа тебіренер толқып тым.
«Аспандағы айды әперем» дегенге
Қолдағымды келмес бірақ қор тұтқым.
Басқа адамға айнала алман енді мен,
«Айналам» деп жұртты қалай сендірем?
Көкпар көріп кергіленген жүрекпен
өмір сүрем шыққанынша соңғы дем.
Жақсылықпен болып қалам жүректес,
Бәрі өтсе де рахымның күні өтпес.
Жер астында сынамайды жүректі
Жер үстінде жарылса да ол —
Түк етпес!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі