Біздің ақындар

Бұл бетте «Біздің ақындар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір ақын революцияны мақтаймын деп атылды,
Бір ақын Сталинді даттаймын деп атылды.
Бір ақын ұлтымды сақтаймын деп атылды,
Бір ақын ұлтсыздықты жақтаймын деп атылды.
Бір ақын туған жерді қорғаймын деп атылды,
Бір ақын жалғандыққа бармаймын деп атылды.
Бір ақын коммунизмді армандаумен өліп кетті,
Бір ақын кеңестік қаламын бізге беріп кетті.
Ал біздер болсақ амалдап,
Өткенді жүрміз жамандап,
Ақиқатты айтар ақын жоқ,
Еліміз қайдан оңалмақ?
— Бостандық жоқ! — деп нар кеуде,
Күркіреп қояр әр-кейде.
Азаттық үшін, апырмау,
Атылып кетсек арман не?!.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері