Насыбай шақша
Бұл бетте «Насыбай шақша» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сыбырды құдай естір деп,
Сабыр қып жүр ем жақ ашпай,
Сөзімді тыңдар ешкім жоқ,
Сауын айтсам да алашқа-ай!
Құлы боп бәрі ақшаның,
Түрі жоқ түкті ұтатын,
Түбінде жүрек — шақшаның,
Ар-ұят қалды бір атым.
Тондыға жауып кіл жала,
Тобықтан қағып тастадық,
Іргеде болса зілзала
Ырықпен аяқ баспадық.
Қайырым деген қазына
Түгесілгенде шым-шымдап,
Құдайға өкпе-базына
Айтамыз тіпті былшылдап,
Қашан біз халық боламыз,
Адамы азған ғасыр-ай?
Шақшаның түбін қағамыз
Бір атым іздеп насыбай...
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі