Айвазовский. Тоғызыншы вал
Бұл бетте «Айвазовский. Тоғызыншы вал» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ей, Айвазовскийдің теңізі!
Жуастан шыққан жуансың-ау, негізі?
Қаныңды сенің қайнатқан анау,
аспанның болар лебізі?
Екіленген елірген,
екі иығын кемірген,
ерейменге айналдың
ерегесіп тәңірмен.
Көкке шапшып кектенген,
көкдүлей боп кеткенмен,
еркіндігің сенің де
жағалаумен шектелген.
Араныңды ашқанмен,
ақ көбігің шашқанмен,
азаттығың ешқашан
астаспайды аспанмен!
Ей, Айвазовскийдің теңізі!..
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі