Ақындар мен әкімдер
Бұл бетте «Ақындар мен әкімдер» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақындар құмар бақшаға,
әкімдер құмар ақшаға,
біреуі жақын құдайға,
біреуі жақын патшаға.
Ақындар, ойхой, оңбайды,
әкімге тиісіп сорлайды,
басынан бірі айрылар,
бірінде бас та болмайды!
Ақындар асық ажалға,
әкімдер ғашық ғазалға,
екеуін мақшар теңгеріп,
жатады қатар мазарда.
Ақындар ішер жатып ап,
әкімдер жүрер қатын ап,
қайсысы мұның ақылды,
қайсысы мұның ақымақ?
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі