Белігісіз солдат басында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Белігісіз солдат басында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2936
Өлтірді оны бірақ солдат өлмеді,
Өшірді оны, бірақ оты сөнбеді.
Бүкіл халық иығына сап көтерігі,
Кремльдің қасына әкеп жерледі.
Москвада қысты күні бұлыңғыр,
Қабіріне қойды халық тірі гүл.
Зират етіп сөз сойледі маршалдар,
Жай солдаттың болса-дағы бірі бұл.
Бір сәт сосын ел қимылын тоқтатты,
Тірі солдат салют беріп оқты атты.
Дауыл күні тулап тұрған жалындай
Басына оның мәңгі сөнбес от жақты.
Жас қабірді қоршады жұрт он орап,
Қорғасындай түсті жастар домалап.
Рязаньнан келген ана бір уыс,
Топырағын жатты еңкейіп орап ап...
Шашырап бір жаңа шыққан күндей боп,
Араласты жалын шашып гүлмен от.
Жүрегінің оты өшкендс сол солдат
Мәңгі от боп қалатынын білген жоқ.
* * *
Аспанында гректің
Жатыр бүгін түнеп түн.
Қайда, Аполлон, жүрсің сен,
Жыр құдайы жүректің.
Қайда сонау қаруы,
Одиссейдей батырдың.
Қайда сонау ар ұлы
Даусы Байрон ақынның.
Жауды жайпап өтердей.
Қайда, Егей, толқыны.
Неге тұрсың көтермей,
Гректердің өр туын.
Ал деп менің құнымды,
Қанды кекке шақырған
Көрмейсің бе ұлыңды
Қара түнде атылған.
Ашыласың алдымнан
Күнде қанды парақтай.
Арылмайсың зар-мұңнан
Афинада таң атпай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Белігісіз солдат басында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Белігісіз солдат басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Белігісіз солдат басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Белігісіз солдат басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері