Тбилиси – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Тбилиси» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2535
Тбилиси, қалдым саған күз барып,
Тұрып алды үйір-үйір құзда бұлт.
Пушкнн асқан асуларды көрсетпей,
Көлегейлеп бүркей түсті ол қызғанып.
Көп кешікпей күншығыстан таң келіп,
Көкірегін ашты маған тау керіп.
Қарай қалдым келбетіне сол таудың,
Өзім таудан келсем-дағы таң көріп.
Теңбіл-теңбіл көктегі құс жолындай,
Ұйықтап жатқан жолбарыстың жонындай,
Таулар-таулар ұбақ-шұбақ созылған
Руставели өлеңінің жолындай.
Қалдым бәлкім тауды қате ұғынып,
Алып шыңдар тұр ма артында тығылып.
Аласадан басталмай ма биіктік,
Кішкентайдан басталмай ма ұлылық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері