Баяғы әндер
Бұл бетте «Баяғы әндер» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Баяғы әндер,
Білмеймін басқа ма еді?
Тыңдай қалсам көзіме жас келеді.
Өмірімнің өткендей Өскемені,
Жастығымның қалғандай Қаскелеңі.
Ескі әндерді
Естісем — жасарамын,
Еримін де бұлақтай бас аламын.
Қайта ашады көзімді жасағаным,
Қайта алдымнан қашады қашағаным.
Ескі әндерден жаңа мұң естілгендей,
Есіп жүріп боласың ес кіргендей.
Теріс аққан өзендей тентек жүрек,
Кешкіргенде
Кінәсін кеш білгендей.
Ескі әндерден жаралған жаңа ойлардың
Кісі бар ма кіндігін кестіргендей!?.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі