Иттің баласы

Бұл бетте «Иттің баласы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

— Әй, иттің баласы, жексұрын,
Күресіңнен не іздеп жүрсің кешқұрым?
— Ине іздеп жүрмін...
— Инені қайтпексің?
— Әмиян тігемін.
— Әмиянды қайтесің?
— Ақша саламын.
— Дәмесінің зорын қарашы!
Кет, жоғал, иттің баласы!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері