Шиыр жол

Бұл бетте «Шиыр жол» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жығылған күйден тұра алмай,
Жиырылып бойын жия алмай,
Жылғадан жылға өрлеген,
Шиыр жол — иір жыландай.
Шиыр жол...
Шерлі, қилы күн...
Сұрланып бүккен сұмдығын.
Шиырыла түсіп шағардай,
Жыланның бассаң құйрығын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері