Жаңбыр. Жасын

Бұл бетте «Жаңбыр. Жасын» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған табиғат туралы өлең берілген.

Адырналар майысып,
Қабырғалар қайысып.
Жебе жауып, жай ұшып,
Аспан мен Жер сайысып.
Бадана көз бадалып,
Бағып қалды балалық.
Жебе жаңбыр жауып тұр,
Қара жерге қадалып.
Ақ садағы мөңіреп,
Темірені еңіреп.
Астаң-кестең бар әлем,
Тұлан тұтып төңірек,
Жаным кіріп жатырмын
Жауса екен деп көбірек.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері