Дуадақтың көзі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Дуадақтың көзі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2058
Жүр еді қырда жайылып,
Қос мерген атты оны.
Қос мылтықтан шыққан қос түтін,
Шұбалып жатты оны.
Жатты енді
Қалбаң етіп жотада өзі,
Жаудырайды жалтақтап бота көзі.
Көзінде бір жас тұрды төгілуге,
Көзіне қорықтым оның көрінуге.
* * *
Ұшқыр поездар керек
Орман, тау, өзендерді иіретін.
Шеңбер боп иілетін,
Оқ боп ағатұғын.
От болып жанатұғын.
Қарағайдың қоңынан
Зуылдап шығатұғын,
Өзендермен жарыса ағатұғын.
Түндері бұлттарға кіретұғын,
Ұшқындары аспанға сіңетұғын
Ұшқыр ойлар керек,
Космосты билейтұғын.
* * *
Өміріңде құламайсың,
Аяғыңды нық бассаң.
Өміріңде жыламайсың,
Батырға қол ұстатсаң.
Ол келеді қараңғыда
Сені іздеп жарық боп.
Теңіз майдан алаңында
Жамаулы бір қайық боп.
Ол кетеді періштедей
Қара түнде ғайып боп.
Сонау теңіз толқынынан,
Сәуле боп ол күлімдер
Сен қаласың қолтығыңнан
Сипағандай жылы жел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дуадақтың көзі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Дуадақтың көзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дуадақтың көзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дуадақтың көзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері