Космодром – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Космодром» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2416
Айды тартып лебімен жақындатқан,
Жер денесін отымен лапылдатқан.
Ақ вулкандай бұрқ етіп шыңыраудан,
Ала бұлт боп аспанға атып жатқан –
Космодром!
Жұлдыздармен адамды жолықтырған,
Галактика сырларын мол ұқтырған,
Планетааралық дүниенің
Жүрегіндей жердегі соғып тұрған –
Космодром!
Магния секілді жалындаған,
Ракета қанатында ағындаған,
Жер өкілін шолпанға аттандырып,
Жұлдыздардың елшісін қабылдаған –
Космодром!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері