Жақын болса өзен, көл
Бұл бетте «Жақын болса өзен, көл» атты Ислам Шұғайыпұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Барбастауым іргеде,
Ыстықтаймыз біз неге?
Айдынында жүземіз,
Балығын да сүземіз.
Өзара айтып ертегі,
Қызығына күлеміз.
Сүңгиміз де салқындап,
Ыстықтамай жүреміз.
Кейде түсіп жарысқа,
Құлаштаймыз алысқа.
Батылымыз сүңгиді,
Бейне шортан балықша.
Биіктен де қарғиды,
Тырысқан соң намысқа.
Судан шығып,
Құмға аунап,
Шаттанамыз гүл жайнап.
Ыстықтасақ, қайтадан
Демаламыз суда ойнап.
Қолмен суды көсеміз,
Аяқпен де есеміз.
Жаз бойына жайраңдап,
Өзен, көлді кешеміз.
Күнге де біз күйеміз,
Шынығуды сүйеміз.
Қалпақ тоқып қоғадан,
Басымызға киеміз.
Жақын болса көл, теңіз,
Біз балықтай еркеміз.
Орман,
Таулы,
Шатқалды –
Ұлан-байтақ өлкеміз!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі