Рақымжан Қошқарбаев

Бұл бетте «Рақымжан Қошқарбаев» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Омақа аса сүрінген,
“Етек-жеңін” түрінген
Жауды тығып ініне,
Рейхстагқа Ту ілген.

Қазақ Ері Рақымжан,
Жүрек жұтқан батыл жан.
Ерлігімен халқының
Мәртебесін асырған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері