Арнау

Бұл бетте «Арнау» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ».
— Халық нақылы.

Бүгінгі көшке жалғанған
Өткенің – тарих, ұлы абыз.
Қиямет кешкен жандардан
Шертейік біраз жыр-аңыз.
Бабамыз олар, асыға
Аңсаған мынау бақ таңын.
Зиярат етіп басына,
Қастерлеп өс аттарын.
Озбырдың күні өшкенмен,
Тектілер ісі өшпейді.
Бастарын дұшпан кескенмен,
Тауарих тілін кеспейді.
Өткенді білу – керегі,
Оларсыз күнің күн емес.
Ертеңін ойлар өрелі,
Ұрпағым, соны біліп өс!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері