Күз сыйы

Бұл бетте «Күз сыйы» атты Арасанбай Естенов жазған табиғат туралы өлең берілген.

Алақай, күз келді,
Қарық қып жеміске.
Сарғайтты түз, белді
Толықсып егіс те.

Қайырмасы:
Күз сыйы бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер әрі де
Күзбенен сәулетті.

Мәуелі бақтардың
Уылжып алшасы.
Ал қарақаттардың
Мөлдірер қаншасы!

Қайырмасы:
Күз сыйы бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер әрі де
Күзбенен сәулетті.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері