Дос іздеме
Бұл бетте «Дос іздеме» атты Ардақ Оспанұлы жазған достық туралы өлең берілген.
Іздемеңдер мәңгі досты меннен кеп,
Менде іздегем нағыз досты елеңдеп.
Екі адамдық орындарға жайғастым,
Жалғыз өзім жалғыздыққа тереңдеп.
Іздемеңдер адал досты кеп сұрап,
Айналамда барлығыңда жоқ тұрақ.
Бірде жаға, бірде қолдан ұстаған,
Пәк көңілді шын адамдар соққылад(-ы)
Іздемеңдер сыр тыңдайтын адамды,
Өзім үшін өз ертеңім қараңғы.
Сыр айтуда мен үшін ол жат қылық,
Ашқым келмейді әрең біткен жарамды.
Іздемеңдер қаһарманды, батырды,
Қаншама рет жібергенім ақымды.
Керек десең кей кездері бата алмай,
Алыс қыламын жақынды.
Мүмкін жәй, жан емеспін ақылды.
Іздемеңдер көмек қолын, созғанмын,
Еңбегімді бұдан былай қызғандым.
Керегі жоқ ешкімге,
Шаршағанның, қол еңбегі тозғанның.
Керек кезде досымды өз жолыма жаратам,
Кім білсін, өз жолым сол адамға қараған.
Мен-ақ болғым келеді
Қуыс кеуде, қуыс қалта, тар адам.
Сөндің деме, сөнсемде от жағыстым.
Құныда жоқ ақ көңіл мен ақ істің,
Бар азықты өз алдымнан сырып ап,
Жалғыз өзім бос табақтан ас іштім.
Отын емес жәй болайын тамызғы,
Жан дос емес, жан болайын мен ізгі,
Адамы көп, адамы аз өмірде.
Жан дос емес, жақсы адамдық маңызды.
Ренжімеңдер дос болмасам жарарлық,
Жан боламын қиын кезде барарлық.
Адам болып өалғым келеді адамға .
Ал адамға ең керегі адалдық.
Үлгі бар ма? Үлгіні мен көре алмаймын,
Үлгі жоқ деп, адамдықтан жоғалмаймын.
Адам болам(-ын ), адал болам, ал дос жағын..
Сұрамаңдар, іздемеңдер, бола алмаймын,
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі