Күйтабақтар
Бұл бетте «Күйтабақтар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Зайсанда, туған үйiмде,
Зымыран ойдан көз iлмей,
Отырмын мiне бүгiнде
Баяғы бала кезiмдей.
Сезiмнен тiлiм байлаулы,
Өткеннен берiп бiр хабар,
Бүгiн де, мiне, ойналды
Күйтабақ, пластинкалар.
Айқара ашық әйнектен
Үңiлем түнге елеңдей.
Қарайды күлiп Ай көктен
«Келдiң бе, ұлым?» – дегендей.
Жаңғырған көкiрегiмде
Жаңа бiр саздар шырқалар,
Ойналса туған үйiмде
Күйтабақ, пластинкалар.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі