Мөлдір тамшылар

Бұл бетте «Мөлдір тамшылар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұлттар жабағы,
Көктi жабады.
Күзгi тамшылар
Тамады, тамады...
Күзгi тамшылар,
Күзгi тамшылар!
Болашақ бұршақ па,
Әлде қар шығар!
Терек, тал, шынар
Терге малшынар.
Түндiгiн жапты ма
Күзеуде малшылар!
Күзгi тамшыда
Көктем даусы бар!
Көктiң көз жасы
Қашан таусылар?
Бұлттар түйiле ме,
Қамшы үйiре ме?
Осынау дүниеде
Менiң де тамшыдай
Орным бар шығар?
Тамады тамшылар,
Тамады тамшылар...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері