Ауыл. Жылқы. Жас бала
Бұл бетте «Ауыл. Жылқы. Жас бала» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған бала туралы өлең берілген.
Таңғы ауыл,
Торғын самал келдi жетiп,
Селеулер сергiп қалды сәл дiр етiп,
Ұйықтап жатып жылаған сәбидейiн
Көк шалғын көз жасын тұр мөлдiретiп.
Сүрлеу жоқ бiр кездерi мен жүгiрген,
Мен тұрмын есейгенiн ендi бiлген.
Соғады жүрек қана баяғыша
Қорқамын кеудемдегi сол дүбiрден.
Жылқылар менi көрсе елеңдесiп,
Тұрғандай «жақындама, тебем» десiп.
Жас бала жүгендеп жүр,
Балалығым
Дәл соған ауысқандай менен көшiп.
Болғанмен жөнi бөлек, жолы өзге,
Атайды анасы да оны кезбе.
Бұл жылқы оны да ертең өгейсiнiп,
Өзгерiп кетер ме екен бәрi лезде?..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі