БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛ

Бұл бетте «БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛ» атты Медет Сабазбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛ

Неге біз болашаққа ұмтылмаймыз,
Болмас қиял соңынан қалықтаймыз?
Адасып, ең далада үнсіз қалып,
Ұйқыдағы сананы оятпаймыз.

Өтірік сөз жетелейді көп адамды,
Жалғанға жұрт жанын байлап алғандай.
Көздеріңді ашып, шындыққа тік қара,
Соқыр сенім — санаңа салған таңбадай.

Біліміңді арттыр, жан-жағыңа көз сал,
Әр сөзге басыңды иіп сенбе сен.
Көптің ізі — бәріне бірдей жол емес,
Ақыл барда адасу — үлкен айып.

Үнсіздік іштен кеміріп барады,
Айқайсыз-ақ жанды қажап жарады.
Тұманданып, титықтайды ой мен сана,
Білімсіз күн — қара түннің қарауы.

Еріншектің етігі көлеңкеде,
Уақыт деген бой бермейді ешкімге де.
Қадам баспай, құр қиял жетелесе,
Болашақ та алыстап кете берер.

Сондықтан да мүмкіндікті жіберме,
Білім деген жол бастайды мұратқа.
Ұмтылған адам өз жолынан адаспайды,
Құлақ салшы, айтқаныма, жарай ма?

Күн түспейтін көлеңке бар санада,
Сол көлеңке ақиқатты тұмшалар.
Жарық жаққа бет бұрсақ — адаспаймыз,
Болашақ — ақыл менен білімде ғана.

© Сабазбеков Медет


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер