Қайрақ пен қанжар
Бұл бетте «Қайрақ пен қанжар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Серiлiк тiрлiк
Қиын екенiн түсiндiм,
Ең iрi құрлық –
Үйiм екенiн түсiндiм.
Қайырылмас қасым –
Тиын екенiн түсiндiм,
Айырылмас досым –
Миым екенiн түсiндiм.
Көңiлдiң кейде
Дөнен емесiн түсiндiм,
Өмiрдiң бейне
Өлең емесiн түсiндiм.
Қабiр де сонша
Терең емесiн түсiндiм,
Тәңiр де онша
Керең емесiн түсiндiм.
Жүйкенiң жiбi
Темiрге айналарын түсiндiм,
Жүректiң түбi
Көмiрге айналарын түсiндiм.
Дәуiрдiң мұңы
Кемiрген сайын жаныңды,
Алмас қанжардай
Өмiр қайраларын түсiндiм.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі