Қан сонардай қарлы күнгi
Бұл бетте «Қан сонардай қарлы күнгi» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қан сонардай қарлы күнгi,
Жазғырмаймын тағдырымды.
Бiр кiсiдей сүйемiн мен
Беу, адамдар, барлығыңды.
Көргенiмде нарлығыңды
Жүрегiмде жан жүгiрдi.
Көргенiмде тарлығыңды
Көздерiмнен қан бiлiндi.
Хан да емеспiн,
қара да емен,
Дарыным да дара демен.
Көрiпкел боп көргенiм жоқ
Не де болса бара көрем.
Бала да емен, аға да емен,
Күтпеңдершi баға менен.
Күндей жылы дидар көрсем
Күншуағын ала берем.
Бұл бiр өмiр –
жеке шынар
Басы бұлтқа жете сынар.
Аққа қара жұқпайтынын
Дәлелдеумен өте шығар.
Жазғырмаймын тағдырымды,
Жаздырмаймын жарлығымды.
Жалғыз өлең
жазсам жетер,
Қан сонардай қарлы күнгi...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі