Емен
Бұл бетте «Емен» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қажамаңдаршы құр босқа,
Жетедi қайғым бiр басқа,
Мөлдiрер едi лай су
Менiмен жақын сырласса.
Жүректе жатыр сүрi қар,
Жанымды бiрақ кiм ұғар?
Жаралған жоқпын темiрден
Жалын мен мұздан шынығар.
Жаралған жоқпын тастан да,
Жайраймын сөзбен осқанда.
Жапырағын жайған емендей
Жанымды жайғам аспанға.
Жаралған жоқпын еменнен,
Жаралған жанмын өлеңнен.
Нар емен құсап қапыда
Найзағай түсiп өлем мен!.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі