Аспанға, Ақын, телмiрме
Бұл бетте «Аспанға, Ақын, телмiрме» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған поэзия туралы өлең берілген.
Аспанға, Ақын, телмiрме,
Тұңғиық түнде үмiтпен.
Ол жұлдыз сөнген бұл күнде,
Iздеме оны, ұмыт сен.
Жүректi нұрмен баулыған
Жауқар көз қайта қадалмас.
Көз жетпес түнек қойнына
Жерленген шуақ оралмас.
Қалдырмай ешбiр зеңгiрде iз,
Түнектiң болды ол құрбаны.
Көгiңнен өшкен сол жұлдыз
Көңiлiңнен өшпей жүр ме әлi?
Жұлдыз ба – жұлдыз сөнгесiн,
Тылсымға сiңдi-ау хабарсыз.
Көңiлiңде қалған сәулесiн
Сен де өшiр ендi амалсыз...
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі