Сенi ойласам қуанамын нелiктен

Бұл бетте «Сенi ойласам қуанамын нелiктен» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сенi ойласам қуанамын нелiктен,
Тазаланып кiрбiң, мұңнан, желiктен?
Неткен тәттi, неткен мөлдiр шаттық бұл
Жан-жүйемдi елжiреткен, ерiткен?
Неге ғана жымиямын сенi ойлап,
Жүрегiмде лүпiл-лүпiл қан ойнап?
Жанарымның аясында тұрсың ғой
Кiрпiгiмдi қағайыншы абайлап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері