Алты ағаш – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алты ағаш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2272
(Баллада)
Соғыс күрмеп кеңімеді арқа-бас,
Эшелондар ағып жатты жанталас.
Ақболаттың алты ұлы аттанды,
Қалды ауылда өздері еккен алты ағаш.
Қан майданнан оралмады алтауы,
Көре алмады ата мекен Арқаны.
Көз жасымен шайылды да ағарды,
Ақболаттың сақалының әр талы.
Семсерлердің сөнді қашан жарқылы,
Жол үстінде тұрады қарт әр күні.
Торғайларды жырлатады тербетіп,
Алты алаш- Ақболаттың алты ұлы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алты ағаш өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Алты ағаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алты ағаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алты ағаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері