Еңбек биі
Бұл бетте «Еңбек биі» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көң дала, айлы түн,
Ақ шатыр айнала.
Ойы жоқ қалғитын,
Әндетіп жай ғана,
Жиналды ұл, қыздар
Еңбектің ерлері.
Қызықты қыздырар
Бір реті келді енді.
Сырнайшы, құрбыжан,
Өзгеше тартшы бір.
Бар аймақ болсын тақ
Шалқысын жақсы жыр.
Кел, достар, кел билейік дабылдатып,
Дулатып төңіректі жалындатып.
Қажымай бір талмай,
Жұмыстан күн ұзак,
Гүл жайнап бұрқанбай
Келгенбіз, жалғыз-ақ.
Ән, күйсіз бір күн де
Тұра алу қиын ғой.
Сол себеп бүгін де
Гулесін жиын-той.
Тыныстап трактор,
Комбайын мүлгиді.
Таңменен бірақ бұл,
Шертеді мың күйді.
Алыс қой таң әлі,
Басталық, саспалық,
Жаңғыртып даланы
Қыздыршы, жас халық.
Сырнайшы, құрбыжан,
Өзгеше тартшы бір.
Бар аймақ болсын таң,
Шалқысын жақсы жыр.
Кел, достар, кел билейік дабылдатып,
Дулатып, төңіректі жалындатып.
1960.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі