Жұлдызды секретарь Қайырбаев
Бұл бетте «Жұлдызды секретарь Қайырбаев» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Советтер Одағының Батыры Қайырбаев Махметке арнаймын.)
Кабинет.
Телефонмен толық адам:
— Егін көп әлі тегіс орылмаған,
Астықты жөнелтетін көлігім аз,
Көмекке жіберіңіз соны маған.—
Деп жатты,— Жақсы, оны тез дайындайық!
Жұлдызды секретарь бұл — Қайырбаев.
Қызыл бел қырман басы.
Тау-тау астық.
Жыпырлап жұлқынған жұрт жанталасып.
Жалпақ бет жайдарлы адам жүрді аралап,
Жұмыстың ауыр жүгін арқаласып.
«Қиыннан — деп қояды, — тайынбайық!»
Жұлдызды секретарь ол — Қайырбаев.
Жол үсті.
Тоқтай қалды бір машина.
Совхоздың директоры тұр қасында.
— Бүгін ет жеткізбепсің қырманға, — деп
Шүйілді, ренжігендей құрдасына.
Дейді оған: — Жолдас, әуе жайылмайық!
Жұлдызды секретарь сол — Қайырбаев.
Шаршы топ.
Ол ой салып талайларға,
Құяды жылы сөзді қалай жанға!
Сонау бір Днепрден өткен шақтай,
Өткір көз ұшқын атып қарайды алға.
Деп тұр ол: — Елімізді жарылғайық! —
Секретарь, батыр Махмет Қайырбаев.
1959.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі