Ойлар, ойлар! Мен қуамын

Бұл бетте «Ойлар, ойлар! Мен қуамын» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ойлар, ойлар! Мен қуамын,
Сен қашасың еліктей.
Жеткізбейсің жалт өткен бір
Сұлу бейне көріктей.
Мазалайды күнде мені
Жарқын ойлар, шат ойлар.
Ұстаймын деп алабұртып
Көңіл шіркін атойлар.
Бірі іліксе қылаң етіп
Бірі тұра қашады.
Қайта қуа жөнелемін,
Ой толқындап тосады.
Небір жақсы ой, небір тәтті ой
Оралады көңілге.
Ойсыз өткен уақытты мен
Санамаспын өмірге.

1962.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері