Коммунизмге старт
Бұл бетте «Коммунизмге старт» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ал, достарым, топталыңдар берірек,
Елдің сәні осындайда көрінбеk.
Кремльдің сырлы сарай төрінен
Болашаққа ғажап старт берілмек.
Тыңнан туған сәулетті ойлар, жаңа ойлар
Көк жиектен қызықтырып арайлар.
Ақыл, ой мен ардан соққан күмбезін,
Тартар бізді шаңрағы кең сарайлар.
Аттайық бір адамдай басып нық,
Не тәйірі жиырма жылдық қашықтық.
Уақыт деген өтер зырлап білінбей,
Жүрегіңді билеп алса ғашықтық.
Біз ғашықпыз жүздесуге сол күнмен,
Шаттығы, жақсылығы мол күнмен.
Компартия жіберді алға жарығын,
Қандай жақсы, тура апарар жол білген.
Ал, достарым, арманның көш арнасын,
Алқынбасын жүрегіміз талмасын.
Аттайық, асығайық көруге
Замананың нұрлы эпилог, жалғасын.
1961
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі