Менің ісім, сенің ісің
Бұл бетте «Менің ісім, сенің ісің» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1
Бір дулы қызу жилыс жүріп жатты...
Біреулер бір бірінің мінін тапты.
Жаңа өзін сынағаны үшін бастық
Тигізді әділ жанға тілін қатты.
Бастыққа бәрі бірдей бата ала ма?
Түстім мен шыдай алмай екі араға.
«Керегі жоқ, деп, бізге адвокаттың»
Шырт етті ол столына жата қала.
Жоқ, жоқдас!
Қызбаланба, байыпталық,
Әлі осы өр мінезден айықпадық.
Боламын кейде амалсыз мен адвокат,
Жазықсыз жатсаң егер айып тағып.
2
Шығарып махаббаттың масқарасын,
Өзінің ойлап жайлы баспанасын,
Әркімге көз сүзген бір көрсеқызар
Кетіпті тастап жарын жас баласын.
Шырмалған ескіліктің қалдығына,
Жігіттің төзе алмадым салдығына.
— Арама түсетіндей сот па едің, сен?
Қол сұқпа, — деді ол — менің тағдырыма.
Жоқ, жолдас!
Мұндайды ешкім мақтамаған,
Тағдырың сенің, сірә, жат па маған?
Адамдық шекараны бұзсаң егер,
Ақ жүрек, ар атымен сот та болам.
3
Бір тентек әке даңқын жатып ішіп,
Ерке өскен шат-шадман шақты құшып,
Ауызында қоқыс сөздер, көң көшеде
Келеді әркімге бір қақтығысып.
Тәртіпке шақырдым мен мұны-дағы,
Ол бірақ ештеңені ұғынбады.
— Кімсің сен, милиция ма едің сонша? —
Деп қолын сілтеді де қырындады.
Ей, жолдас!
Адам деуге бата алмаймын,
Көргенсіз қараң сенің батар қай күн?
Болармын милиция керек кезде,
Көкректі көріп үнсіз өте алмаймын.
4
Достарым,
Әлде кімнің мазақ үнін
Қашанғы естімекпіз, жазалы кім?
Тамырын қыйып соның тасталықшы,
Кім сүймес семьяның тазалығын?!
Шіркін-ай!
Ортаға сап мінімізді,
Біріміз силап өтсек бірімізді.
Адамдық бақшасына дақ түсірмей,
Аялап өсірейік гүлімізді.
Алдағы нұрлы мөлдір көңілді шын
Өмірге ақ жүрекпен ену үшін,
Қылт еткен көлеңкені арамыздан
Аластау — менің ісім, сенің ісің!
1963
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі