Егер ит болып жаратылғанымда
Бұл бетте «Егер ит болып жаратылғанымда» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таңсәріден күн күлімдер шығыстан,
Егер ит қып жаратқанда Жаратқан,
Дәретпенен кіре алмаушы ем мешітке,
Құтылмақпын онда қалай азаптан?
Күн батуда, шуақ шашар әр ақ таң,
Мүмкін, ит қып жаратқанда Жаратқан,
Тазы иттей шалып заман сұмдығын,
Қасқырша ұлып құтылар ем азаптан!
Егер ит қып жаратқанда Жаратқан,
Сүтін ішкен анасының ақ адал,
Сөйлемейтін туған ана тілінде
Құтылар ем ұл мен қыздан, мазақтан.
Адамдықпен өтіп жатыр әр ақ таң,
Бәлкім, ит қып жаратқанда Жаратқан,
Ұстамас ек бөтелкенің шынысын,
Ұрттамас ем жын сідігі — арақтан.
Ит боп тусам, көрмес едім ұрлықта,
Қиналмас ем мұнша шыдап қорлыққа,
Қыз Жібектер Жібек болып қайтпас еді,
Толмас еді көше бойы зорлыққа.
Азу тартқан қара ит те болады,
Салар солар адамды да азапқа,
Арлан сынды нар ұлдар да болады,
Керек солар қай кезде де қазаққа.
Ит адамнан үлгі алса — жарарлық,
Адам иттен үлгі алмасын, бірақ та.
Адамды адам, итті ит қып жаратқан,
Мадақтауға лайықты — Ұлы Жаратқан.
Шығарылған күні: 27.08.2018 ж.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі