Сәлем, Фидель

Бұл бетте «Сәлем, Фидель» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жас болсаң да дана Фидель, ер Фидель!
Тым өзгеше толқыр бүгін бар күйлер.
Орын беріп ең қадірлі төрінен,
Бар мейірін төгіп саған, шалқиды ел.
Туған ағам қалдырып із көңілге,
От майданнан оралмап ед еліне.
Тірілгендей көрейін сол жан ағам,
Соға кетші ауылыма менің де.
Жатырмыз ғой көк үйді бір қаласып,
Саған деген көңіл ашық, жан ашық.
Зор тұлғаңмен отырып ең ортама,
Кетті Майым одан сайын жарасып.
Өтіп талай ғасырлардың сынынан
Табылармыз ақыл, ойдың шыңынан.
Біз қашанда бір болармыз бір сапта,
Сәлем, Фидель, Сәлем қазақ ұлынан!

1963


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері