Оқтай тиген мінбеден

Бұл бетте «Оқтай тиген мінбеден» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Оқтай тиген мінбеден
Кімге ұнайды сын деген?!
Ыршып түсті ол, дегендей:
«Мін тапты ма шын менен?»
Жалын ұйтқып көзінде,
Реніш жатты сөзінде...
Сынай білсең өзгені,
Төзе біл сен өзің де.

1963


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері