Бір редактордың жауабы
Бұл бетте «Бір редактордың жауабы» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кейде қызық ой оралып көңілге,
Симай жүрем астананың төріне.
Жүрегі бар жан иесі болған соң,
Небір жайлар кездеспейді өмірде!
Бірде сынап кейбір мінін сананың,
Көңіл күйін толғап еді қаламым.
Өлеңімді оқып шығып редактор
Ойланған боп, түйді қалың қабағын.
— Сөйтті де ол, түрпі шартын тосты алға,
Деді бір сәт: — Құрылысты жаз, бос қалма!
Түсін, шырақ, махаббаттық мәселе
Қаралмаған ғажайып бұл жоспарда!
1959
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі