Ұнаймын деп маған, сәулем

Бұл бетте «Ұнаймын деп маған, сәулем» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұнаймын деп маған, сәулем,
Кермеші сен қасыңды.
Ұнаймын деп маған, сәулем,
Құбылтпашы шашыңды.
Ұнаймын деп маған дәйім,
Өзгертпеші өңіңді.
Мен сырыңа қанғандаймын,
Көңіл ұққан көңілді.
Ұнаймын деп дәйім маған,
Сымбатты қой былайғы.
Дәл өзіңнен айнымаған
Осы қалпың ұнайды.

1963


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері