Сен ауырсаң — береке, құт қашады

Бұл бетте «Сен ауырсаң — береке, құт қашады» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен ауырсаң — береке, құт қашады,
Үлкен-кіші жанымыз кілт сасады.
Ауырмашы, сүйіктіміз, ауырмашы,
Сен ауырсаң үй ішін бұлт басады.
Тынықсыншы деп кейде сыбырлаймыз,
Әрнәрсеге соқтығып ұрынбаймыз.
Тамақ жасап, біріміз үйді жинап,
Томпалаңдап бәйік боп зырылдаймыз.
Қолдан келер шама сол — сыйдың бәрі,
Көңілден де кетеді күйдің мәні.
Көтерші тез басыңды, шықшы жайнап,
Екенсің ғой, сүйіктім, үйдің сәні.

1960


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері