Алматым ғажайып қаласың
Бұл бетте «Алматым ғажайып қаласың» атты Аманжол Шамкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алматым ғажайып қаласың,
Күн сайын жасарып барасың.
Көргенмін сәулетті саянда
Ең алғаш көзімнің қарасын.
Алматым нұр құйған жаныма,
Алматым ризамын бағыңа.
Алматым гүлдей бер, жасай бер,
Менің де оның да бағына.
Алматым ой салған гүл бағың,
Әр үйің, әр терек, бұлағың.
Қырмызы көгілдір көшеңде
Қалайша мен оған ұнадым.
Алматым шарлатып көңлімді,
Кеудеме таққан ең сен гүлді.
Ұмытпан, мәңгі де ұмытпан,
Жұлдызым жарқ еткен сол күнді.
Алматым нұр құйған жаныма,
Алматым ризамын бағыңа.
Алматым гүлдей бер, жасай бер,
Менің де оның да бағына.
1960
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі